АҚШ тұрғындары $30 мың тұратын үйдің төбесін тегін жасатып алды
Дебора мен Скотт Сеннер үйлерінде жөндеу жұмыстарын жоспарлаған жоқ. Олар басқа қалаға жұмыс бабымен кетіп қалғанда күтпеген жағдайда жап-жаңа үй төбесіне ие болды.
Құрылыс компаниясының жұмысшылары мекен-жайды шатастырып, шатырды бөлшектеуге кірісті. Тек бірнеше сағаттан кейін ғана жоба менеджері қателігін түсінген. Алайда төбенің 80%- ы алынып қойғандықтан, жолы болғыш жұптың щатырын да жасаудан басқа амалдыры қалған жоқ. Үй иелері қайтып келгенде наразылық білдірген жоқ, әрине, олар $30 мың тұратын жаңа шатырға ие бола қалды.
Дереккөз: Insideedition