Өзбекстандық шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен баруға міндеттелді
Көршілес елдің астанасы Ташкентте айына бір рет «Автокөліксіз күн» жобасы өткізіледі. Оның барысында барлық билік органының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс.
Аталмыш жобаны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform. Мұндай талап зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында енгізілді.
Фото: Unsplash