Мексикалық сұлулық салоны қорқынышты макияж жасап танымал болды
Әдетте мейкап шеберлері нәзік жандарды құлпырту үшін бар өнерін салса, бұл салонда барлығы керісінше.
«Ажырасуға қол қоюға арналған макияж» және «Сіз Валентин күні жалғыз қалғанда» тақырыптармен жүктелген видеолар вирусты болып кетті. Онда қыздардың қастарын қалың сүрмелеп, көз бояуы мен далапты шектен тыс жағып, қыздарды сүйкімсіз еті үшін барлық әдістер қолданылады, деп жазады Oddity Central. Айта кетсек, сұлулық салоны Тиктокта ең көп комментарий қалдырған жазылушыларға тегін макияж жасап беруді ұсынды.