IT –маманы болашақ жарын Chat GPT арқылы тапты
Александр Жадан есімді Мәскеу тұрғыны Тиндерде неше түрлі қыздармен сұхбаттасып, шаршаған, идеалды өмір серігін табу көп уақытты қажет етті.
Сондықтан IT маманы нейрожүйенің көмегіне жүгінді. Жасанды интеллект өз бетінше Тиндерде қыздармен танысып, хабарлама бөлісіп, кездесуге шақырды. Александр нейрожүйені өз стиліндегі диалогтарды жүргізуге жаттықтырды. Кездесу алдында жігіт ChatGPT-ден хат алмасудың қысқаша мазмұны мен қыздың негізгі сипаттамаларын дайындауды сұраған. Бір жылда ChatGPT 5 мыңнан астам қызбен сөйлесіп шықты. Нәтижесінде Александр 12 қызбен кездесіп, Карина есімді қызға сөз салды, деп жазады Medialeaks.
Фото: X/@Alexandr Zhadan