«Кселл» Қазақстанның 11 қаласында қоғамдық көлікте жол жүруді тегін етеді

⌚ Lifestyle
25.01.2024
Просмотров: 177

«OGO картасы» өз клиенттеріне жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Қазақстанның 11 қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ірі ұялы байланыс операторының бұл мүмкіндігі жазға дейін қолжетімді.

Акция Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Рудный, Қаскелең, Есік, Қабанбай батыр (Алматы обл.), Талғар және Шелек қалаларына таралатын болады. Сондай-ақ, Кселл тағы бес қаланың, соның ішінде Астана тұрғындары үшін осындай мүмкіндіктің қаралып жатқанын мәлім етті және  астаналықтар санаулы күндерден соң, яғни 1 ақпанда осы қызметті пайдаланып, автобуспен тегін жүре алады. Автобус жол ақысын OGO картасымен төлеген кезде аctiv және Kcell абоненттері жол ақысын қайта төлеуге болатын 99,9% кэшбэк аударады, яғни жол ақысы су тегін деген сөз.

Жалпы, бүгінде 300 мыңға жуық OGO-карта шығарылды және бірегей карта өнімін пайдаланушылар саны қарқынды өсуде. Оған таң қалудың жөні жоқ, өйткені карта иелері дәмхана, мейрамхана мен барларда, супермаркет пен дүкен, такси, жанармай құю станцияларында және тіпті коммуналдық төлем төлегенде кэшбэк пен бонустар алады.

«Ұсынысты пайдалану үшін біздің абонентке аctiv немесе Kcell қосымшаларында OGO-Bank бөліміндегі негізгі бетте OGO-картасын ашу керек, бұл небәрі бірнеше минуттың ішінде жасалатын қарапайым рәсім. Мұнан кейін Google Pay немесе Apple Pay-ге картаны қосқан соң, смартфондағы NFC функциясын қосса жетіп жатыр. Содан кейін жолаушы смартфонды жол жүру ақысын төлеу құрылғысына қоса алады, сома автоматты түрде есептен шығарылады, ал 99,9% мөлшеріндегі кэшбэк абоненттің бонустық шотына түседі. Алынған бонустарды балансқа және OGO картасына шығарып, жол ақысын қайта төлеуге болады»,

— дейді «Кселл» АҚ Цифрлық сервистерінің басшысы Сергей Коптик.

Айта кетейік, OGO-картаны комиссиясыз өз нөміріңіздің балансынан немесе басқа банктің картасынан 500 теңгеден және одан жоғары сомаға толтыруға болады. OGO бұл тек қаржы құралы ғана емес, көптеген артықшылықтардың кілті. Ол шетелде қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін бонустар есептелетін Қазақстандағы бірнеше картаның бірі, мысалы, Aliexpress ірі маркетплейсінде. Карта иелері сонымен қатар MasterCard халықаралық төлем жүйесі ұсынатын барлық артықшылықтарды, соның ішінде компанияның әртүрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарындағы серіктестерінің акциялары мен арнайы ұсыныстарын пайдалана алады.

«OGO-карта – бұл біздің «OGO Bonus» абоненттерімізге адалдық және оларды ынталандыру бағдарламамыздың бір бөлігі, оған бүгінде жарты миллионға жуық қазақстандық қатысуда. Бағдарламаға қосылған әрбір қатысушы абоненттің бонустық шотында жинақталған OGO-Card немесе мобильді баланстан әрбір төлем үшін белгілі бір бонустар немесе кэшбэктер алады. Осылайша алынған бонустарды кейінірек теңгерімге алып, OGO-Картаны толтыруға немесе әртүрлі қызметтер жасағанда әдеттегі төлемдер үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, жинақталған бонустарды достарыңыз бен отбасы мүшелеріне аудара аласыз»,

— деп қосты Сергей Коптик.

Жоба бүкіл әлем бойынша автоматты түрде қабылданатын GooglePay, ApplePay көмегімен контактісіз төлем технологиясының дамуын қадағалайтын MasterCard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен іске асырылып келеді. «Кселлдің» бұл акциясы білім беру сипатына да ие, өйткені ол еліміздің тұрғындарына бүкіл әлемде танылған заманауи цифрлық шешімдердің артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік береді.

OGO карталары туралы қосымша ақпарат қажет болса, 4098 қысқа нөміріне (Kcell абоненттері үшін де тегін) қоңырау шалып, немесе келесі сілтемеге өтуіңізге болады:

activ https://activ.kz/ru/ogo_card_bus

Кселл https://www.kcell.kz/ru/ogo_card_bus

OGO картасына қызмет көрсету мәселелері бойынша 7711 нөмірі арқылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ Call-орталығына хабарласуға болады.

OGO картасы ұсынылатын қызметтердің сапасына толық жауапты «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) өнімі болып табылады. Лицензия №1.2.35/225/37 07.04.2021 ж.

«Кселл» АҚ Баспасөз қызметі

Метки: Kcell

Так же вам может быть интересно