20 қала, 500 мың адам: «Қазақтелеком» компаниялар тобы 5G жобасын белсенді іске асыруды жалғастыруда
Еліміздің жиырмаға жуық қаласында «Кселл» мен Tele2/Altel жарты миллионнан астам қазақстандықты жаңа буынның байланысымен қамтамасыз етуде, әрі бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді.
Республикада бесінші буын байланысын өрістету бойынша елдік маңызы бар ауқымды жобаның басталғанына бір жылдан асты. «Қазақтелеком» тобына кіретін компаниялар қатарындағы — «Кселл» және «МТ-С» (Tele2/Altel) операторлар консорциумы 2023 жылдан бастап 5G базалық станцияларын барлық жерде орнатып келеді. Бұл ретте компаниялар көбінесе үй шатырларына базалық станцияларды орнатуға наразы радиофобтардың қарсылығын еңсеруге мәжбүр. Мұндай жағдайда операторлар белгілі бір жерде антенна-діңгек құрылыстарын салуға немесе қос мақсатты тіректерді пайдалануға тура келеді. Солардың бірі бүгін Астанада журналистер мен жұртшылық өкілдеріне көрсетілді.
Айта кетейік, бүгінде «Қазақтелеком» компаниялар тобы бүкіл Қазақстан бойынша 1500-ге жуық 5G базалық станциясын орнатып, күн сайын қатарын көбейтуде. Жалпы, қазіргі уақытта еліміздің жиырмаға жуық қаласында «Кселл» мен Tele2/Altel жарты миллионнан астам қазақстандықтың қолы жететін жаңа буынның байланысымен халықты қамтамасыз етуде, әрі бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, көптеген қалада операторлар базалық станциялар саны бойынша лицензиялық міндеттемелерін асыра орындауда.
«Қазақтелеком» компаниялар тобы республикада бесінші буын желісін өрістету қарқынын арттыруда, десе де радиофобия сияқты фактор болмаса, базалық станцияларды орнату жылдамдығы бұдан да жылдам болар еді – бұл Қазақстандағы барлық байланыс операторларының басын қатырған елеулі проблема. Бұл мәселе соңғы екі жылда мемлекеттің 5G желісін орнату жоспары туралы жаңалықтарымен қатар шиеленісе түсті және радиофобтардың наразылығынан компанияларда базалық қондырғыларды орнатудан бас тартып, немесе бар станцияны бұзып алып тастауға мәжбүр болған мысалдар бар. Сондықтан тұрғындар бізге өз үйлерінің төбесіне жабдық қоюға рұқсат бермейтін жерлерде антенна-діңгек құрылыстарын немесе қос мақсаттағы тіректерді салып, оларға өз станцияларын орнатуға тура келеді»,
— деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Расымен де, ұялы байланыс операторлары қазір «былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады» дегеннің күйін кешіп отыр: бір жағынан, олар станцияны тіпті бір тұрғынның талабы бойынша бөлшектеуге мәжбүр, ал екінші жағынан, клиенттер байланыс сапасына шағымданып, соның салдарынан реттеушіден айыппұл алуда. Ішінара радиофобия проблемаларына байланысты. Дегенмен, 2023 жылы тек Астанада осындай 67 проблемалық аймақ немесе қандай да бір себептермен базалық станцияны орнату мүмкін болмаған орындар бойынша техникалық шешім тауып, байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік туды.
«Жалпы, 67 «ақтаңдақ аймақтардың» 54-і бойынша жұмыс пысықталды, оның ішінде 29 нысан бойынша радиофобиямен проблемалар бар, яғни тұрғындар өз үйінің төбесіне базалық станция орнатудан үзілді-кесілді бас тартуда, қалған нысандар бойынша жұмыстар белсенді жүріп жатыр, бүгін біз осындай учаскелердің бірі – Binom мектебінің жанына арнайы келдік, — бұл біздің қаланың жаңа ауданы және мұнда байланыс проблемалары болған еді. Бүгінгі таңда мәселе өз шешімін тапты. Тұрғындар базалық станция орнатудан бас тартқан аудандарда біз қос мақсатты тіректерді салудың балама нұсқасын қолданамыз, бүгінде осындай 25 станция орнатылған. Мұндай әдіс оң нәтиже беріп жатыр, өйткені тұрғындардан рұқсат алудың қажеті жоқ және келешекте елорданың әртүрлі аудандарында осындай тағы 13 тіректің құрылысы жоспарланған»,
— дейді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
Мысалы, көпқабатты үйдің төбесіне балама ретінде 10 қос мақсатты тірек салынды және қазір операторлар жергілікті биліктен базалық станцияны орнату үшін электр қуатын жеткізуді күтуде, қазіргі уақытта тағы 3 тірек салынуда. Сонымен қатар, әкімдікпен бірлесіп, тағы 20-ға жуық орын пысықталуда, оларға базаны биыл орнату жоспарланған.
«Біз халыққа радиофобияның ғылыми дәлелденген фактілер жоқ екенін үнемі түсіндіріп келеміз: шатырдағы базалық станцияға қарағанда үйдегі микротолқынды пеш немесе телефоннан (бас жағыңызға жақын қойсаңыз) сәулелену әлдеқайда жоғары. Байланыс – электр, газ, кәріз сияқты маңызды инфрақұрылым екенін түсіну қажет. Көптеген елде байланыс инфрақұрылымы қала жоспарының элементі болып табылады және кез-келген жаңа ғимаратта алдын-ала қарастырылған. Бұл ретте біз үшін байланыс сапасын жақсарту маңызды және желіні салып, базалық станцияларды орнату кезіндегі кедергілерді жою үшін үнемі жаңа нұсқалар мен тәсілдерді әзірлейміз»,
— деді Tele2/Altel техникалық директоры Матвей Тарасенко.
Айтпақшы, қазіргі жағдайда бір станцияны орнату мерзімі 9 ай мен 12 ай аралығында, уақыттың көп бөлігі рұқсат құжаттарын дайындап, мемлекеттік, жергілікті билік органдарымен келісуге кетеді, бірақ станцияның физикалық қондырғысы және оны қосу әдетте 4-6 апта. Сондықтан операторлар қазір қос мақсатты тіректері немесе антенна-діңгек құрылымдары бар нұсқаларға сүйенеді. Бұл үйлер мен ғимараттардың төбесіне орнатудан қымбатырақ және келісімдерге, жерді сатып алуға, орнатуға байланысты ұзағырақ болса да, опция жұмыс істейді, дейді операторлар.
«Қазақтелеком» АҚ
Коммуникациялар департаменті