Kcell 5G қамту картасына жаңа қаланы қосты: бесінші буын желісі енді Жанаөзенде
Kcell 5G базалық станцияларын тек ірі, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалаларда ғана орнатып қоймай, сонымен қатар шағын қалалар мен аудандарды да қамтиды.
Осылайша қазақстандықтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтерді сапалы түрде пайдалана алады.
«Біз бесінші буын желілерін тек ірі, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, сонымен қатар шағын қалалар мен аудандарда да қамтуға тырысатын стратегияны ұстанамыз. Сол арқылы қазақстандықтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен цифрлық сервистерді сапалы түрде жаңа деңгейде пайдалануға мүмкіндігі болса дейміз. Енді мұндай мүмкіндік 17 қаланың тұрғындарымен бірге Жаңаөзенде де пайда болды. Бұл аймақтарға біз жүздеген 5G базалық станциясын орнаттық»,
— деп атап өтті Kcell АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
Айта кетсек, бүгінде Kcell мобильдік операторы республиканың 18 қаласында 545 5G базалық станциясын орнатты. Станциялар саны бойынша көш басында үш мегаполис: Астана, Алматы және Шымкент қалалары тұр. Бұл аймақтарда 460 станция бар. Көшбасшылар үштігінен қалалар мен облыстық маңызы бар аймақтар да қалыспауда. Қазірдің өзінде жиырмаға жуық қалада мыңдаған қазақстандықтар жаңа байланыс технологиясы бойынша телеком-қызметтерді пайдалана алады.
«Шынында да, базалық станцияларды орнату үшін орындарды жоспарлап, анықтау кезінде біз ең алдымен тартымдылық нүктелеріне немесе адамдар көп жиналатын жерлерге назар аударамыз. Осылайша қамту біркелкі жүреді әрі мүмкіндігінше пайдаланушылары да көп болады. Мысалы, қазірдің өзінде 130-ға жуық станция орнатқан елодада да университеттер, бизнес және сауда орталықтары, вокзал, қонақ үйлер, туристік көрікті жерлер және т. б. аудандар орналасқан. Ал клиенттеріміз бұл аймақта ауданнан ауданға қозғалыс үстінде жүрген кезде базалық станциялар арасында ауысып, үздіксіз, тұрақты желімен байланыста болады», —
деді Kcell АҚ бас техникалық директор Кирилл Страшенко.
Kcell ірі телеком-операторы осы жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша 100-ден астам жаңа буынның базалық станцияларын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл еліміздің қалаларында, аудандарында, моноқалаларында да 5G желілерімен қамту аймағын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірқатар сарапшылардың зерттеуі бойынша, жаңа технология, байланыс стандартын қолдану жылдамдығы мен ауқымы бойынша Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, сонымен қатар ТМД-да да көшбасшы болып танылып, Ресейді де басып озуда. Ал Тadviser порталының мәліметінше, солтүстіктегі көршіміздің 1 миллион халқы бар ірі қалаларында 5G-ді қамту жұмысы ең жақсы жағдайдың өзінде 2030 жылға қарай қамтамасыз етілуі мүмкін. Демек бұл елдің ауқымында стандартты енгізу Сібір мен Қиыр Шығыстағы халықтың тығыздығының төмендігіне байланысты ондаған жылдарға созылмақ.
Kcell баспасөз қызметі