Адамдар не себепті өтірік айтады? Нидерландтық ғалымдар жауап берді
Твенте университетінің ғалымдары тест жүргізіп, қатысушылардың басым бөлігі (22%) өзімшіл, қара басын ойлағандықтан өтірік айтатынын білді. 8% біреуді қорғау үшін өтірік айтқан.
Ал тәжірибеге қатысушылардың басым бөлігі – 69%-ы өтірік айтпағаны белгілі болды. Тағы бір сынақ жүргізілді — қатысушылардан бес күн бойы өтірік айту жиілігін бақылап жүруді сұрады. Экспериментке қатысқандардың 22%-ы күн сайын өтірік айтатынына көз жеткізсе, 19%-ы ешқашан өтірік айтпаймыз деген. Бір қызығы — өтірік айтқандардың өзін-өзі бағалауы төмендейтіні анықталды.
Дереккөз:
Фото: Unsplash