Испаниялық суретші идеалды жарының голограммасын жасап, оған тұрмысқа шықпақшы
Алисия Фрамис виртуалды сүйіктісімен отау құратын әлемдегі алғашқы әйел атанады.
Суретші бұл тәжірибе жақын арада әдеттегі нәрсеге айналады деп санайды. Болашақ күйеуінің голографиялық бейнесін жасау үшін Алисия бұрынғы жігіттерінің суреттерін пайдаланған.
«Роботтар мен голограммаларға деген сүйіспеншілік пен жақындық — бұл бүгінгі күннің шындығы. Олар керемет серіктес және эмпатия білдіруге қабілетті»,
— дейді Алисия.
Дереккөз: Euronews