Тамақты 5 минутта жылытатын әлемдегі алғашқы микротолқынды сөмке пайда болды
Willtex «Willcook» микротолқынды пеші сәнді ноутбук сөмкесіне ұқсайды, бірақ шын мәнінде ол 250 градусқа дейін ысып, тамақты небәрі бес минутта жылытуға мүмкіндік беретін инновациялық матадан жасалған.
Мата созылатын электр сымдары мен тоқылған өткізгіш талшықтардан тұрады. Сөмкенің салмағы зарядталатын батареяны қосқанда 280 грамм ғана. Микротолқынды сөмке үйден тыс жүргенде, асты жылытып, тамақтануға мүмкіндік беретін таптырмас құрылғы. Willcook келесі жылы сатылымға шығады деп күтілуде.
Дереккөз: Oddity Central