Қонақ үйден жоғалған 370 млн теңгенің сақинасы күтпеген жерден табылды
Оқиға Париждегі Ritz қонақ үйінде орын алды.
Малайзиядан келген кәсіпкер әйел 750 мың еуро тұратын зергерлік бұйымды үстелдің үстіне қалдырып, дүкен аралауға кеткен. Ал қайтып келгенде сақинаның жоғалып кеткенін түсінеді. Қонақүй тұрғыны полиция шақырып, барлығын басына көтерді. Ritz қонақүйі де беделін түсіргісі келмей, іздеу жұмыстарына кірісті. Ақыры сақина шаңсорғыштың сөмкесінен табылды.
Дереккөз: UPI
Фото: Pixabay