Димаш Құдайберген Сербияда беделді сыйлыққа ие болды
3 желтоқсанда Белградта «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Сыйлық 1979 жылдан бері елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдауға өз үлесін қосқан көрнекті шетелдік тұлғаларға табысталады. Қордың директорлар кеңесі Димашты Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтті, деп жазады dimashnews. Айта кетсек, «Ағайынды Карич қоры» сыйлығының иегерлері қатарында: Нобель сыйлығының лауреаттары, режиссер Эмиль Кустурица, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал бар.