Үнді әйелі 2 метрден астам шаш өсіріп, рекорд орнатты

🥇 Мировые рекорды
30.11.2023
Просмотров: 193

46 жастағы Смита Шривастава шашын 14 жасынан бері өсіріп келеді. Бүған оны керемет шашқа ие болған анасы шабыттандырды.

Смитаның шашының ұзындығы 236 см.

«Біздің қоғамда нәзік жандылардың ұзын шаш өсіру дәстүрі қалыптасып кеткен. Ұзын шаш әйелдердің сұлулығының белгісі болып табылады»,

— деп түсіндірді Смита. Рекорд иегері шашын аптасына екі рет жуады екен. Бүкіл процесс – жуудан бастап кептіру мен сәнге келтіруге дейін үш сағатты қажет етеді. Керемет шаштың тағы бір құпиясы – тарағаннан кейін Смита бүкіл шашын жинап, арнайы пакетке салып қояды. Себебі, түскен шашты жинамаса, шашы түсе бестайды екен.

Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы 

Так же вам может быть интересно