Кселл KASE нұсқасы бойынша «Акциялар нарығының көшбасшысы» атағына ие болды

🔬 Наука и технологии
22.11.2023
Просмотров: 179

Алматыда өткен «Қаржы нарығын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» халықаралық форумында Қазақстан қор биржасы «Кселл» АҚ-на «Акциялар нарығының көшбасшысы» номинациясы бойынша марапаттады.

Халықаралық биржалық форумда «Қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін» номинациялары бойынша 30 жыл бойы осы салада елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарының, қаржы секторының сарапшылары мен мамандарын марапаттау салтанаты өтті. Жетекші мобильді оператор алғаш рет 2012 жылы қазақстандық қор нарығына шығып, содан бері алаңның негізгі эмитенттерінің бірі болып келеді. Кселлдің қарапайым акциялары бастапқыда бірінші санат бойынша KASE ресми тізіміне, кейінірек өкілдік тізімге енгізілді.  Бүгінгі таңда оператордың бағалы қағаздары «Премиум» санатында.

«Қазақстандық қор биржасында біз 10 жылдан астам уақыт бойы листингтен өтіп келеміз және алаңның сарапшылары Кселл қызметінің тиімділігін атап өткеніне қуаныштымыз. Әрине, бізге әртүрлі рейтингтік және аналитикалық агенттіктер үнемі өз бағасын беріп отырады, бірақ KASE сарапшыларының пікірі біз үшін аса маңызды. Өйткені олар біздің компанияның жай-күйі мен даму перспективаларын жақсы біледі, сонымен қатар біз биржаның эмитенті және қатысушысы ретінде KASE ресурстарында барлық қажетті ақпаратты үнемі ашып отырамыз. «Акциялар нарығының көшбасшысы» атағы мен Қазақстанның қор нарығының ең үздік өкілдерінің бірі мәртебесі Кселл командасы үшін одан да тиімді әрі үздік жұмыс үшін қосымша ынталандыру болатынына сенімдімін»,

деп атап өтті «Кселл» АҚ Басқармасының төрағасы Асхат Өзбеков.

Айта кетсек, акциялар нарығының көшбасшылары деп бағалы қағаздары жоғары капиталдандырылған және нарықтың жалпы жағдайына айтарлықтай әсер ететін үздік компаниялар аталады. Әдетте, бұл өз саласы бойынша нарықта үлесі қомақты, қаржылық жағдайы үздік, инновациялық өнімдері немесе қызметтері бар, табыстың тұрақты өсу тарихы немесе инвесторлардың жоғары бағасы бар компаниялар. Ал Кселлге келетін болсақ, «Акциялар нарығының көшбасшысы» атағы Қазақстандық қор биржасынан алған алғашқы марапаты емес. 2016 жылы KASE алаңында сауда жасайтын жүздеген компаниялардың ішінен Кселл төрт үздік компанияның бірі болып, транспаренттіліктің, ашықтықтың және ақпараттың жоғары деңгейі үшін «Ашықтыққа ұмтылу» санатында үздік деп танылған болатын.

Кселлдің биржада белгіленген бүгінгі қарқыны, компанияның нарықтық капиталдандыруды арттыру жөніндегі күш – жігері мен оператордың маңызды әрі ірі жоба 5G бесінші буын байланысын өрістету шараларын ескере отырып жалғасатыны анық.

«Кселл» АҚ баспасөз қызметі

 

Метки: Kcell

Так же вам может быть интересно