Индустрия 4.0 : Кселл Қазақстанның ірі өнеркәсіптік нысандарын цифрландыруды қолға алды

🔬 Наука и технологии
15.11.2023
Просмотров: 222

Мобильді оператордың жоспарында пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерінің тиімділігін арттыру.

Еліміздің жетекші мобильді операторы түрлі IoT-шешімдерді қолдану арқылы Private LTE (жеке байланыс желілері) технологиясын белсенді енгізуде. Елдің тау-кен секторының ірі өкілдері- Polymetal International және KAZ Minerals-пен қатар ұялы байланыс компаниясы ұсынған жеке байланыс желісін Eurasian Resources Group та таңдады. Енді Кселл мобилді операторы Қостанай облысындағы ERG нысандарында, яғни Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі мен Қашар кенішінде қосымша 4G базалық станцияларын орнату арқылы, өндірістік компанияның жеке байланыс желісінің қамту аймағын кеңейтті.

Кселлдің жоспарында пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерінің тиімділігін арттыру және жалпы кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларындағы өнеркәсіптік алаңдарды Private LTE/5G жеке желілерімен жабу бар. Мәселен, Kcell ТМД-дағы алғашқы операторлардың бірі және Қазақстанда алғашқы болып KAZ Minerals өндірістік алпауыты үшін LTE толық ауқымды жеке меншік желісін өрістетті. «Мыс компаниясында» Private LTE енгізудің табысты кейсі операторға еліміздің басқа да өнеркәсіптік алаңдарында, атап айтқанда, Polymetal International фабрикалары мен кен орындарында қызметті ауқымдауға мүмкіндік берді. Бүгінде жеке желілерді қолданудың белсенді жақтаушыларының қатарында Eurasian Resources Group та бар, оның карьерлерінде Kcell 30-дан астам базалық станцияны орнатып, LTE технологиясы негізінде ішкі және оқшауланған желіні іске қосты.

«Біз Қазақстанда алғаш рет Kaz Minerals Group алаңында яғни Ақтоғай кенішінде Private LTE, қарапайым тілмен айтқанда, жеке желіні, яғни өнеркәсіп алаңының өзіне ғана жұмыс істейтін байланыс желісін іске қостық. Оның міндеті маңызды қолданбалы бағдарламалар үшін тұрақты, ақауларға төзімді және қауіпсіз деректерді беру ортасын құру. Осы кезде біз 5G желісіне көшуге бейімделген 19 базалық станцияны орнаттық. Кселлдің Private LTE желісі кәсіпорынға карьерлік көліктің тұрып қалуын қысқартуға, деректерді беру желісінің инфрақұрылымын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындарын едәуір азайтуға, кеніште жаңа цифрлық сервистерді іске қосуға мүмкіндік берді. Ал ERG жеке меншік желісіне келетін болсақ, ол үш облыста — Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында бірден 6 кәсіпорынды біріктіретін республикадағы ең үлкен жабын. ERG нысандарында іске асырылған Private LTE желісі — бұл тау-кен өндіру және көлік кешендерін басқарудың автоматтандырылған жүйесі үшін деректерді берудің тұрақты ортасы, сондай-ақ тау-кен өндіру жабдығының жалпы тиімділігін 10% -ға арттыруды көздейді»,

— деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Бүгінгі таңда ERG нысандарында Кселл 34 базалық станция орнатып, private LTE желісін өрістетті, бұл компанияға бірден бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді — бірқатар бизнес-процестерді автоматтандыру, машинааралық коммуникацияларды жолға қою, IoT-датчиктер арқылы деректер алмасуды, Push to Talk тұйық радиобайланысын іске асыру, цифрлық бейнебақылау, қауіпсіздік жүйесін біріктіру және тағы басқалар, бұл ретте осы сервистердің бір бөлігін Кселлдің қолдауымен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл компанияға болашақта кеңейтуге және жаңа сервистер мен құралдармен толықтыруға болатын өзінің жеке экожүйесін іске қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оператор ERG басқа нысандарында тағы да 8 базалық станцияны іске қосып, өндірістік алыптың жеке желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Сарыбай карьері өзінің ауқымы мен кен массасының көлемі мен тереңдігі жағынан тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ әлемдегі ең ірі кен карьерлерінің бірі болып есептеледі. Қашар карьері де ауқымды болып көрінеді, оның жобалық тереңдігі 720 метрден асады. Қазір кеншілер 475 метр тереңдіктен өтті. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл — Алматыдағы Көктөбедегі теледидар мұнарасының биіктігімен тең. Және ERG үшін үлкен аумақтағы жұмыстың басым бөлігін автоматтандыру маңызды болып отыр, алаңда кенді екі қабатты үймен тең келер 220 тонналық алып самосвалдар тасиды. Келешекте бұл алыптарды 4G-ден 5G-ге дейінгі қолданыстағы байланыс технологиясын жаңарту есебінен қашықтықтан басқаруға болады.

Кәсіпорын мамандары өндірісті цифрландыру және автоматтандыру өнімділікті арттырудан бастап private LTE-ге интеграцияланған IoT жүйелері мен датчиктер есебінен ұжымда қолайлы ахуалды қолдауға дейін өндірістік базаның, техника мен жабдықтың жай-күйін бақылау, сондай-ақ жүктеме мен жұмыс көлемін дұрыс бөлуге көмектесе алатын әр қызметкердің денсаулық жағдайы мен эмоциялық аясын бақылау сияқты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді дейді.

«ССТБӨБ және Қашар Руда алаңдарында базалық станцияларды орнату — карьерлерді цифрландыру жөніндегі ERG ауқымды жобасының бір бөлігі. Бұған дейін біз Кселлмен бірлесіп Шұбаркөл көмір, Қазақстан алюминийі және ЕЭК кәсіпорындарымызда LTE желілерін салу бойынша үлкен жұмыс атқардық. Демек, бұл кәсіпорындарда ондаған тау-кен көлігі техникасы корпоративтік ақпараттық жүйелерге тұрақты қосылумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында жүктиегіштер мен экскаваторлардың жұмысы туралы нақты ақпарат алуға болады, демек өндірістік процесті тиімді басқаруға болады. Біз жобаны 2019 жылы бастадық, ал биыл 216 шаршы шақырым аумақты private LTE желілерімен қамтыдық. Салыстыру үшін бұл Тараз, Семей, Түркістан сияқты қалалардың ауқымынан да асып түседі. Біздің желіге өнеркәсіптік жабдықты, техниканы, өндірістік персоналды қосу деректермен нақты уақытта жұмыс істеуге және қазіргі және болашақ цифрлық өнімдерден тікелей пайда табуға мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті ERG бас директорының АТ және цифрландыру жөніндегі орынбасары Еркін Шназбаев.

Жеке меншік желі немесе Private Network немесе private LTE — бұл белгілі бір ұйым немесе кәсіпорын үшін қауіпсіз және басқарылатын байланыс құралын ұсынатын тәуелсіз, жабық ұялы байланыс желісі. Ол жалпыға бірдей қолжетімді ұялы байланыс желілерінен ерекшеленеді және бірқатар артықшылықтар береді. Атап айтқанда, бұл өткізу жолағын басқаруды қоса алғанда, өзінің жеке желісін толық бақылау, желінің қауіпсіздігі мен конфигурациясымен, нақты қосымшалар мен құрылғылар үшін басымдықтарды реттеу және қызмет көрсету сапасын кепілдендіру мүмкіндігімен, сыни операциялар, желіні жабуды оңтайландыру және оның сенімділігі үшін маңызды әсіресе алыс немесе күрделі ортада, деректердің кідіруін төмендету, бұл роботтар мен автономды құрылғыларды басқару сияқты нақты уақыттағы қосымшалар үшін маңызды.

«Бүгін біз 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген жұмыстың көлемі мен ауқымын бағалай алдық, Қазіргі заманда және жаңа технологиялардың көмегімен біз ең ауыр және қауіпті жұмысты машиналар мен техникалардың атқаруына бере аламыз, процесті қауіпсіз әрі тиімді ете аламыз. Қазір біз елімізде белсенді түрде 5G желілерін іске қосып жатырмыз және бесінші буын желісінің нағыз пайдасы мен артықшылықтарын өндірісте көрсете алатынымызға сенімдімін. Мобильді компаниялар қазақстандық экономика үшін аса маңызды ірі шикізат өндірістері үшін цифрландырудың жолсерігі болып табылады. Операторлар ешбір көмексіз дербес түрде цифрландырудың жаңа деңгейіне шығуға, түрлі компаниялар мен кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге көмектесетін деңгейге жетті. Барлық шикізат секторының даму жылдамдығы жергілікті сараптамаға, оның ішінде мобильді операторлардың осындай жобаларды іске асыру мүмкіндігіне аса байланысты деп есептеймін»,

— дейді «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту департаментінің директоры Динара Қасымова.

Индустрия 4.0 — бұл төртінші өнеркәсіптік революцияны білдіретін термин, ол заманауи цифрлық технологиялардың өндірістік процестерге кірігуімен сипатталады және өндірістік салалардың қазіргі заманғы технологиялық трансформациясы контекстінде кеңінен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, Кселлде private LTE-ны Қазақстанда таратуда пионер ретінде жеке сымсыз желілерге сұраныс 5G инфрақұрылымының дамуымен бірге едәуір өседі деп есептейді. Дәл осы pLTE компанияларды цифрлық түрлендіруге, түрлі цифрлық сервистер мен технологияларды — Заттардың интернетін, жасанды интеллект, үлкен деректер, бұлттық есептеулер, робототехника және өндірістік инфрақұрылым аясындағы процестерді автоматтандыру, смарт-фабрикалар, цифрлық телқосақ құру және тағы басқаларды таратуға және интеграциялауға негіз бола алады.

«Кселл» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

Метки: Kcell

Так же вам может быть интересно