Кселл ұсынған 5G картасына жаңа қала — Қонаев қосылды

🔬 Наука и технологии
10.11.2023
Просмотров: 360

Кселл» ірі мобильді операторы бүкіл республика бойынша 5G базалық станцияларының құрылысын белсенді түрде жалғастыруда — енді бесінші буынның байланыс аймағында Қонаев қаласы бар.

Осы аптада мұнда оператор екі жаңа базалық станцияның құрылысын аяқтады және бұл көрсеткіш әрі қарай өсе бермек. Осылайша, Қазақстан бойынша «Кселл» орнатқан 5G базалық станцияларының жалпы саны 400-ден асып түсті. Ал жаңа стандартты байланыстың мүмкіндігін бүгінде еліміздің 16 қалаларының тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады.

Бесінші буын байланыс стандарты абоненттердің үйреншікті өмірін өзгертіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Бұл мобильді операторлар үшін 5G желісінің қамту аймағын кеңейте түсуге және жаңа желіні қостыруды неғұрлым жеңілдетуге ынталандырады. Kcell Auleti осындай жобалардың бірі.

«Kcell Auleti» жобасының нарыққа шыққанына небәрі екі ай болса да, құрылғыға сұраныс жоғары. Роутерге алдын-ала тапсырыс беру кезеңінде 2 мыңнан астам әлеуетті абоненттерден қостыру жөнінде өтінім келіп түскен. Бүгінде — бұл Астана, Алматы және Шымкенттегі танымал қызметтердің бірі, мұнда тұрғындар мен бизнес өкілдері Kcell Auleti-н белсенді түрде қостырып, барлық заманауи телеком-қызметтерді және цифрлық сервистерді жоғары жылдамдықта, кідіріссіз пайдаланып келеді. Компания өкілдері 5G желісінің қамту аймағы кеңейген сайын қызметтің сапасы мен жылдамдығы артып, жаңа стандарт еліміздің басқа қалаларына да белсенді енетініне сенімді.

«Kcell Auleti-не қазір қатардағы азаматтар ғана емес, кәсіпкерлер де өз кеңселеріне, дәмханалар мен мейрамханаларға белсенді тапсырыс беріп жатыр. Мәселен, жақында ғана біз қызметті Алматының танымал кофеханаларының бірінде орнаттық, бұл жерге фрилансерлер тамақтану үшін ғана емес, сонымен қатар жоғары жылдамдықта жұмыс істеу, іскерлік кездесулер өткізу үшін арнайы келетінін байқадық. Тағы бір кейс — медициналық орталық, онда 5G технологиясының арқасында дәрігер өңірдегі сырқаттарды қашықтан қарап, өз ем шарасын тағайындауға мүмкіндік алған. 5G байланыс жабыны аймағының кеңеюімен Kcell Auleti пайдаланушыларының қатары да геометриялық прогрессияда өсетініне сенімдімін»,деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Айта кетейік, 5G желісін пәтер иелері үшін қолжетімді етуде «Кселл» алғашқы қадам жасады.  Бесінші буын стандартындағы роутерді қосу тәсілі қарапайым, ол үшін кеңсеге барудың қажет емес. Онлайн режимде және қосымша құжаттарсыз, биометрия арқылы өтінішке қол қою және қажетті топтаманы таңдау жеткілікті. Әрі қарай компания өкілдері роутерді тікелей үйге жеткізеді. Kcell Auleti өнімінің тағы бір артықшылығы — қызметті қостыру үшін шеберлер командасы қажет емес, роутер ешбір сымсыз және сәйкесінше қабырғаларды бұрғылап тестірмей-ақ орнатылады. Әлеуетті клиент дайын өнімді жай ғана қораптан шығарып алып, пайдалана бастайды.

«Kcell Auleti пайдаланушылары еркіндікті бағалайтындар дер едім, ешбір сымсыз орнатылғанынан бөлек бұл пәтерге байланбайтын құрылғы. Егер біздің клиент кез келген уақытта басқа пәтерге көшкісі келсе, онда роутерді жәй ғана розеткадан ағытып, өзімен бірге жаңа үйіне алып кете алады. Мұның бәрі қазіргі тұрмыста үлкен мәнге ие: ең алдымен бұл уақыт пен жүйкені үнемдейді. Түрлі онлайн-сервистер біздің өмірімізге белсенді түрде кірді, кейде оларсыз біз бос уақытымызды елестете алмаймыз. Өйткені, бүгін бірнеше минутта және бір-екі пернемен адам қолайлы уақытта қажетті нәрсенің бәрін алады. Енді бұл цифрлық қызметтер мен сервистердің тізімінде Kcell Auleti жобасы да бар»,

— деді 5G Kcell жобасының директоры Магометгирей Катиев.

Еске сала кетейік, ел Үкіметі 2024-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті, бұл сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту есебінен қазақстандықтарды интернетке 100 Мбит/с кем емес жылдамдықпен кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған желісін салуға, және 5G желісін одан әрі өрістетуге баса назар аударылады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда тек Кселл-дің өзі бүкіл ел бойынша жаңа технология бойынша 400-ден астам базалық станция орнатты. Бұл шамамен 400 мың адамға бесінші буынның ұялы байланысына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясын барлық республикалық маңызы бар қалалар мен   облыс орталықтарында енгізу жоспарлануда.

Дереккөз: Kcell компаниясының баспасөз қызметі

 

Так же вам может быть интересно