Kcell 5G-дің көмегімен жаңа форматтағы марафон өткізді
«5G KcellRun» ауқымды марафоны Астана мен Түркістанның мыңнан астам тұрғынын телекөпір арқылы байланыстырды.
Kcell компаниясының 25 жылдық мерейтойына арналған алғашқы іс-шара еш кідіріссіз тікелей эфир режимінде өтті. Марафоншылар 5 немесе 10 шақырым қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады.
«Kcell әрқашан біздің клиенттеріміз үшін елдегі үздік технологиялық және инновациялық компаниялардың бірі ретінде танымал болып келеді. Сол себепті марафонды ерекше форматта өткізуді ұйғардық. Бұл іс-шара арқылы Астана және Түркістан тұрғындары 5G технологиясының мүмкіндіктеріне көз жеткізді, – деп атап өтті «Кселл” АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
Оның айтуынша, Kcell бүгінде екі негізгі бағыт бойынша дамуда. Біріншісі – желілік инфрақұрылымды жаңарту және жаңа буын желісін дамыту болса, екінші бағыт — жай ғана мобильді оператор болып қалмай, Fintech, IoT сияқты жаңа салаларға шығып, экожүйені кеңейту.
Фото: Kcell баспасөз қызметі