Айсұлтан Сейітов Шанхай кинофестивалінде «Үздік режиссер» атанды
Қазақстандық режиссер «ҚАШ» дебюттік картинасымен «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
Айсұлтан Сейітовтың фильмі қысқа тізімге еніп, Asian New Talent санатындағы бірден үш номинацияда бақ сынады: «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарист».
«ҚАШ» фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталды, ал 2022 жылы Қазақстанда жалпы прокатқа шықты. Көркем туынды 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы баяндайды.
Шанхай кинофестивалі, кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдың ең ірі кинофестивалі және беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі.
Дереккөз: Спутник
Фото: Instagram/@aisultan