Жеуге жарамды Air Pods пайда болды
Кәмпиттер Candy AirPods деген жазуы бар ақ қаптамада сатылады. Тәтті құлаққаптар сырттай Apple өнімінен айнымайды, сондықтан шатастырып алмауға тырысу керек.
Алғашқы топтама толығымен сатылып кетті. Жеуге жарамды құлаққап $50 (22 мың теңге) тұрады. MSCHF креативті брендінің веб-сайтында өнімде ГМО, май және аллергендер жоқ екені айтылған. Кәмпиттердің жалбызға ұқсайды. 2016 жылы негізі қаланған Нью-Йорктегі MSCHF бренді ерекше аяқ киімдерімен, аксессуарларымен танымал. Мәселен, өткен жылы компания екі жағынан да киюге болатын кроссовка шығарды.