Жасанды интеллект шығарған модель тележүргізуші болып жұмысқа орналасты

⌚ Lifestyle
28.03.2024
Просмотров: 143

Цифрлық арулар еңбек нарығын жаулап алуда. Альба Ренай есімді сүйкімді қыз Испаниядағы танымал реалити-шоуды жүргізетін болды.

Альбаның Instagram-дағы парақшасына аз уақыттың ішінде 10 000-нан астам адам жазылды. Ару қызды жасап шығару үшін 350 қатысушыдан тұратын арнайы топ құрылды. Олар қыздарға тән ең тартымды белгілерді атаған, ал жасанды интеллект жауаптарды талдаудан өткізді, деп жазады Oddity Central. Айта кетсек, Альба Ренай  Эмили Пеллегрини Айтана Лопес пен Лекси Лавпен бірге соңғы бірнеше айда халықаралық назарға іліккен бірнеше виртуалды инфлюэнсерлердің бірі.

Так же вам может быть интересно