«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің пародиясы желі пайдаланушыларын шулатты

🎬 Кино
20.12.2023
Просмотров: 143

Ролик бірнеше күнде 2,6 миллион қаралым жинады.

Жанкүйерлер Маколей Калкиннің соңғы жылдары түскен жобалардан біртұтас видео құрастырып, дыбыстаған. Нәтижесінде «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің үшінші бөліміне тұрарлық материал шықты. Сюжет бойынша ер жеткен Кевин есік алдында сол баяғы алаяқтар қалдырған ашықхатқа тап болады. Онда «Біз қайтып келдік, кішкентай дос», деп жазылыпты. Жанкүйерлер жалған трейлерге тәнті болып, продюсерлерді осы оқиға бойынша фильм түсіруге шақырып жатыр. Еске салсақ, жақында Маколей Калкин Голливудтың Даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.

Так же вам может быть интересно