Кевин ер жетті: Маколей Калкин Голливудтың Даңқ аллеясында жұлдызға ие болды

🎬 Кино
04.12.2023
Просмотров: 200

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмдерінің жұлдызы марапаттау рәсімінде көз жасына ерік берді.

Калкин Даңқ аллеясының комитетіне және екі ұл сыйлаған сүйіктісі Бренда Сонгқа алғысын білдірді. Салтанатты шараға «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінде Кевиннің анасын сомдаған Кэтрин О’Хара да қатысты. 43 жастағы актер  салтанатты іс-шараны оны танымал еткен фильмдегі сөздермен аяқтады:

«Рождество құтты болсын, хайуандар!»,

— деп қалжындады ол.

Дереккөз: Buro 247 

Так же вам может быть интересно