Турист Түркияда үйде тұрғаннан арзанырақ түсетін 5 жұлдызды қонақүй тапты
Цифрлық көшпенді болу енді сәнді ғана емес, тиімді. Мұны қашықтан жұмыс істейтін 24 жастағы Джош Керр анықтады.
Жігіт британиялық Манчестердегі жалдамалы пәтер мен 5 жұлдызды түрік қонақүйінде тұру құнын салыстырды. Қорытынды: «Біз Англияда не істеп жүрміз?», дейді британиялық жігіт. Оның айтуынша, Антальядағы қонақүйде 28 күн тұрғаны үшін ол 944 фунт стерлинг жұмсайды (540 мың теңге). Манчестерде үй жалдау шамамен осындай, алайда Антальядағы отель all inclusive жүйесін ұсынады.
Дереккөз: The Daily Mail
Фото: Unsplash