Түрік отбасы автобуспен Анкарадан Астанаға көшпенділер ойынына келе жатыр
Ерлі-зайыптылар қолдан үйге айналдырған жеке автобусымен жолға шықты.
Клиникалық психолог Идил Дуран мен ағаш ұстасы Бурак Дуран екі жасар ұлымен бірге Ыстанбұлдағы күнделікті тіршілігін уақытша тастап, 9 айдан бері «Көшпенді» деп аталатын автобуста өмір сүріп келеді. Сапарын ел астанасы Анкарадан бастаған Дурандар Астанаға дейін 5,5 мың шақырым жолды жүріп өтуі керек, деп жазады Қазақпарат Анадолыға сілтеме жасап.
«Көшпенділер ойынының биыл Қазақстанда өтетінін естіп, неге „Көшпенді“ деп аталатын автобусымызбен алыс саяхатқа шықпасқа деген ойға келдік»,
— дейді отағасы.
Фото: Instagram/@oralarnereler