Time журналы алғаш рет ең беделді 100 компанияның тізімін жариялады

🌐 В мире
28.04.2021
Просмотров: 108
time

Компаниялар 5 критерий бойынша іріктелді. «Ізашар» (Pioneers), «Көшбасшы» (Leaders),  «Инноваторлар» (Innovators), «Алып компаниялар» (Titans) және  «Талқандаушы» (Disruptors).

«Ізашар» санатында танымал актриса Риз Уизерспунның Hello Sunshine компаниясы көш бастады. Ол кітап негізінде телехикая шығарады. «Ізашар» компаниялары қатарына, сонымен қатар, әйел қолданушылары ғана бірінші қадам жасай алатын Bumble танысу қосымшасы және Рианнаның Savage X Fent іш киім бренді кірді. «Көшбасшы» санатында NBA, Twitter, Apple және коронавирусқа қарсы вакцина шығарушы Pfizer бар. Инноваторлардың қатарына Netflix, Zoom, Tik Tok кірді. «Алып» компаниялардың тізіміне AliExpress, Facebook, Disney, Google, Microsoft, Samsung, Amazon және басқалары енді. Толық тізімді  Time журналының сайтында көруге болады.

Так же вам может быть интересно