Миллиардерлер ең мықты криптовалютаны атады және ол биткоин емес

🌐 В мире
17.08.2021
Просмотров: 79

SpaceX пен Tesla басшысы Илон Маск және америкалық кәсіпкер мен миллиардер Марк Кьюбан бұл — Dogecoin дейді.

Кьюбан оның Dallas Mavericks баскетбол клубы кез келген криптовалютаны қабылдайтынын, бірақ көпшілік негізінен Dogecoin-ді таңдайтынын алға тартты.

«Оны қолдану өте ұтымды, және де Dogecoin арзан»,

— деді Кьюбан.

«Мен ол туралы бұрыннан айтып жүрмін»,

— деп жауап қайтарды Маск. Ал қалжын ретінде шығарылған және иттің суреті бейнеленген Doge криптовалютасы миллиарделердің қолдауынан кейін 40%-ға өсті. Еске салайық, маусымда Anonymous хакерлері Илон Маскты спекуляция жасап, биткоинды құлатты деп айыптап, оған соғыс жариялаған еді.

Марк Кьюбан

Дереккөз: IXBT

Так же вам может быть интересно