Tesla машинада караоке айтуға арналған микрофон шығара бастады

TeslaMic тек Қытай тұрғындарына қолжетімді. Бағасы- $189 (шамамен 82 мың теңге).
Микрофондар сатылымға қойылғаннан кейін бір сағаттың ішінде жоқ болды. Караоке — Азия тұрғындары арасында өте танымал. Былтыр тек Қытайдың өзінде онлайн-караоке қызметіне жарты миллиард адам жүгінді. Айта кетейік, Tesla электромобильдерді ғана шығарып қоймай, ерекше аксессуарларды ұсынады. Мысалы, үй жануарларын автомобильде тасымалдауға арналған қап. Бағасы — $145 (62 мың теңге).
Дереккөз: The Verge