«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Қазақстандық жастарға 3 млн теңгеден 30 грант беріледі

🇰🇿 Новости Казахстана
14.06.2022
Просмотров: 149

Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспаған Қазақстанның шығармашыл азаматтары қатыса алады.

Жастардың жобалары бірнеше бағыт бойынша қарастырылады. «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа». Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін қабылданады. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» әкімшілік ғимараты (014 кіреберіс). Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

шығыстар сметасының жобасы;

зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.

Еске салсақ, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы еліміздің 30 жас азаматына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті.
Дереккөз: Спутник 
Фото: Pixabay
Метки: Конкурс

Так же вам может быть интересно