Тарихи жеңіс: Синхронды жүзуден Қазақстан әлем чемпионы атанды

⚽ Спорт
05.02.2024
Просмотров: 109

Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында біздің спортшылар алтын медаль жеңіп алды.

Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Айта кетсек, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.

Дереккөз: Olympic.kz

Так же вам может быть интересно