Танымалдықтың кері әсері: Мэрайя Керидің балалары оған рождестволық әнін орындамауын сұрады

🎼 Музыка
28.12.2023
Просмотров: 382

Америкалық әншінің 12 жасар егіз қыздары Монро мен Марокко All I want for Christmas is you әнін тыңдаудан әбден шаршадық деп әзілдеді.

Тиісті кадрлар жұлдыздың Instagram желісінде пайда болды. Жаңа бейнебаянда 54 жастағы Кери балаларының қасында безендірілген шыршаның жанында отыр. Мэрайя рождестволық әнұранға айналған туындысын айта бастағанда балалары одан қашып кетеді! Ал желі қолданушылары:

«Олар өздерінің жолы болғыш екенін түсінбейді»,

— деп жазып жатыр. All I Want for Christmas Is You қазіргі уақытта Spotify-да нөмірі бірінші ән. Биылғы Рождествода ол 23 рет тыңдалып, рекорд орнатты.

Видео: Instagram/@mariahcarey

Так же вам может быть интересно