Талдықорғанда 8 жастағы бала қозыны 35 рет көтерді

Жануардың салмағы — 14 келі. Қайсар Өмірсерік кішкентай болғанына қарамастан, өзінің күші мен шеберлігін көрсетті.
Ойын шартына сәйкес Қайсар Наурыз мейрамына сыйлық ретінде малды алды. Еске сала кетейік, бұған дейін лақты 33 рет көтерген 6 жасар бала Қазнетті тәнті еткен еді. Сондай-ақ, Талдықорғанда 280 келі түйені көтерген ер адам жұртты таңғалдырды.
Дереккөз: Tengrinews