Тағамның құрамын анықтап, калорияларды санап беретін гаджет пайда болды
Салмақ тастағысы келетіндер үшін таптырмас гаджет пайда болды: ондағы жасанды интеллект тағамның құрамын анықтап, калорияларды санап береді.
Drop деп аталатын құрылғы кішкентай кулонға ұқсайды, салмағы небәрі 27 грамм. Ол 92 пайыздық нақтылықпен тағамның құрамын анықтап, қанша калория, ақуыз, көмірсу бар екенін айтып береді. Пайдалы гаджеттің бағасы шамамен 100 мың теңге. Drop 2025 жылдың басында сатылымға шығады.
Дереккөз: New Atlas