Табысы төмен қазақстандықтардың жалға алынған үй ақысы өтеледі: Үкімет қаулы қабылдады

🇰🇿 Новости Казахстана
27.01.2022
Просмотров: 129

Яғни, жалға алу құнының «50% мемлекет, қалған жартысын жалға алушы төлейді.

Мұндай төлемдер кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (36 018  теңге).  Қазір елімізде мұндай 70 мың адам бар. Олар: көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қоятын негізгі талаптары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;
  • тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Дереккөз: Спутник 

 

Так же вам может быть интересно