Шавкат Рахмоновтың америкалық жанкүйері қазақша сөйледі
- Комментатор мен тележүргізуші Лора Санко «»Сәлеметсіз бе». Қазақстан – алға. Шавқат – нағыз қазақ жауынгері» деп қазақша айтты. Тек соңғы «жауынгер» сөзін ұмытып қалды.
«Өте күрделі тіл», деп ақталды сары шашты сұлу. Лора видеоны Инстаграмда жариялап, «бәрін бүлдірдім» деген комментарий қалдырды. Ал қазақстандықтар қызды жұбатып жатыр: «Біз, қазақтар, сізді бәрібір жақсы көреміз»,
«Сіздің ацентіңіз керемет»,
«Лаура жеңге»,
-деп жазып жатыр. Еске салсақ, Лора Санко Шавкат Рахмоновты әрқашан қолдап жүреді, және қазақтың тымағын киіп, барлығын тәнті еткен еді.
Фото/Видео: Instagram/@laurasanko