Қазақстандықтар Олимпиада құрамасының киім үлгісіне дауыс бере алады

⚽ Спорт
29.03.2024
Просмотров: 335

Спорттық форманың үздік дизайнына дауыс беруді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жариялады.

28 ақпанда «Спортты дамыту дирекциясы» ұлттық құраманың формасын әзірлеуге ашық конкурс жариялады. Комиссия қарауына 6 дизайнердің эскиздері ұсынылды. Кез келген адам осы эскиздердің үлгілерін қарап, ұнаған нұсқаға дауыс беріп, пікір қалдыра алады. Шешімді комиссия дауыс беру нәтижелерін ескере отырып қабылдайды. Еске салсақ, Париждегі жазғы Олимпиада 26 шілде-11 тамыз аралығында өтеді.

Фото: Olympic.kz

Так же вам может быть интересно