Қазақстандықтар Азия чемпионатында жүзуден рекорд орнатты

⚽ Спорт
28.02.2024
Просмотров: 113

Филиппинде өтіп жатқан спорттық додада Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов алтын медаль иегерлері атанып қоймай, рекордық көрсеткішке қол жеткізді.

50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде Пчелинцева 31,4 секунд нәтиже көрсетті. Ал Арсен Қожахметов ерлер арасында дәл осындай қашықтықты 28,26 секундта жүзіп, континенттік рекорд орнатты. Жалпы қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырының ең биік сатысына алты рет көтерілді. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ересектер арасында алтынды Әділбек Мусин мен София Сподаренко жеңіп алды. Кіші жас топтарында Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу), Арсен Қожахметов (50 метр), София Абубакирова (50 метрге еркін жүзу), Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), сондай-ақ Егор Попов, Қожахметов, Сказобцов және Даниил Черепановтан құралған команда 4х100 метрге аралас эстафетадан чемпион атанды. Сонымен қатар Черепанов 50 метрге еркін жүзуден күміс жүлде иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан командалық есепте екінші орында тұр. Ұлттық құраманың қоржынында 10 алтын, 8 күміс және 2 қола медаль бар. Кестеде тек Жапония құрамасы ғана бір сатыға жоғары тұр.

Әлібек Мусин

Дереуккөз: Nur.kz 

Фото: Instagram/@qaz_olympics

 

Так же вам может быть интересно