Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

🇰🇿 Новости Казахстана
29.03.2024
Просмотров: 141

Сингапурда өткен чемпионатқа Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан 100-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстандық оқушылар әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсіп, үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ықтимал 550 ұпайдан 540 ұпай жинап, рекорд орнатты және «Robot Design» номинациясын жеңіп алды.

«Роботтар ойынында тапқырлық танытып қана қоймай, команданың ұйымшылдығын, негізгі құндылықтарын таныту керек болды. Біз инновациялық жобамызды көрсеттік. Бұл керемет тәжірибе болды, еліміздің бізге үміт артып отырғанын білгендіктен, жеңіс үшін бар күш-жігерімізді салдық. Нәтижесінде әлемнің озық елдерінің арасынан суырылып шығып, рекорд орнаттық»,

— дейді қуанышымен бөліскен оқушылар.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Так же вам может быть интересно