Қазақстанда балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады
Ол орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
Оның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады, жұмысқа білікті педагогтар тартылады.