Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының медаль кестесінде ТОП 10 тұр
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында үш жүлде бар.
Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған еді. Әзірге Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 1 алтын, 2 қола жүлдемен 8-орында тұр. Көш басында – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп үлгерген Жапония командасы, деп жазады Nur.kz.
Фото: Olympic.kz