Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан асып түсті

🇰🇿 Новости Казахстана
20.01.2025
Просмотров: 163

Speedtest Global Index порталы 154 мемлекеттегі 200 қалада мобильді интернет пен кеңжолақты интернеттің қолжетімділігін зерделеп шықты. Зерттеуге сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша тағы бір сатыға көтеріліп, 57-ші орынға жайғасты.

Мобильді интернеттен жүктеудің орташа жылдамдығы секундына 53,79 мегабитті құрады. 58-ші орында Жапония тұр. Ол жақта мобильді интернеттің жылдамдығы секундына 53,54 мегабитті құрап отыр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша бірінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр (453,87 мегабит). Үздік үштікке Қатар мен Кувейт кірді, деп хабарлайды Спутник.

Фото жасанды интеллект арқылы жасалған

Так же вам может быть интересно

Исследование: Зумеры предпочитают официальный брак отношениям на одну ночь
Прислушаться к голосу разума или сердца: любовный гороскоп на 13 февраля