Зейнеткерлер енді тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге жинақтарының барлық сомасын пайдалана алады

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер жинақталған қаражаттарының толық сомасын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалана алады.
Тұрғын үй мәселесі бойынша www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады. Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға ғана жүгіну қажет.
Бұған дейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілді.
Келесі санаттар осы құқықты пайдалана алады:
1) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
2) зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50% дейін пайдалана алады;
3) өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.
Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі