Парижде Абайдың бюсті ашылды

🇰🇿 Новости Казахстана
07.12.2021
Просмотров: 129

Қазақтың ұлы ақыны мен ағартушысының бюсті Франция астанасының орталығында, Виктор Гюго, Пушкинмен қатар Ақындар алаңында орнатылды.

Салтанатты шара барысында Абайдың  «Айттым, сәлем, Қаламқас» және «Көзімнің қарасы» әндері шырқалды. Сондай-ақ, Ақындар алаңының кітапханасында оқырман қауымға Абайдың француз тіліндегі кітаптары таныстырылды. Айта кетейік, қазақтың ұлы ақыны мен ағартушысының ескерткіштері әлемнің көптеген қалаларында орнатылған. Тамызда Абайдың бюсті Сеулдегі киберуниверситет территориясында ашылды.

Салтанатты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 

Метки: Абай Париж

Так же вам может быть интересно