Олимпиадада жеңіске жеткен филиппиндік өмір бойы ірімшік қосылған макаронмен қамтамасыз етіледі
Филиппиндік гимнаст Карлос Юло өз елінің қоржынына екі алтын медаль салып, отанында қаһарманға айналды.
Спортшыға 272 мың доллар және пәтер табысталды. Сондай-ақ, жергілікті мейрамханалардың бірі чемпионға өмір бойы ірімшік қосылған макарон қорын сыйлады. Оған қоса, көлік жөндеу маманы спортшыға фара топтамасын ұсынды, ал фотограф өмірінің соңына дейін кәсіби қызмет көрсетуге уәде берді.
Дереккқз: The Guardian
Фото: Instagram/@c_edrielzxs