Microsoft бір ғана фото негізінде шыншыл видео жасайтын нейрожүйені таныстырды

🔬 Наука и технологии
19.04.2024
Просмотров: 254

VASA-1 адамның фотосуреті мен оның дауысының аудио жазбасы негізінде жұмыс істейді.

Алгоритмдер статикалық кескіндерді жандандырып, әр-түрлі эмоцияларды пайдаланады. Фотосуреттерден бөлек, нейрондық желі кез келген портреттермен жұмыс істей алады. Демо-бейнелердің бірінде Леонардо да Винчинің Мона Лизасы рэп айтады. Нейрондық желіні шығарушылар оны ашық қолданысқа шығармай отыр. Себебі, VASA-1 көмегімен көптеген фейктер жасалады деп қорқады. Мысалы, алаяқтар танымал адамдардың  шынайы видеосын жасай алады.

Метки: Microsoft

Так же вам может быть интересно