Колл-орталықтарының операторлары үшін жақсы жаңалық: Жапонияда нейрондық жүйе ашулы клиенттердің дауысын тыныштандырады
Байланыс орталықтарының қызметкерлері өзін-өзі ұстай алмайтын клиенттермен сөйлескеннен кейін жиі күйзеліске түседі. Жапонияда бұл мәселе жасанды интеллект көмегімен шешілді.
Жасанды интеллект ашулы дауысты анықтап оны сыпайы қылады. Нейрондық желі айтылған ашулы сөздерді өзгертпейді, тек интонацияны жұмсартады: оператор барлық қарғыстарды естиді, бірақ сыпайы интонациямен. Телефонның арғы жағындағы адам бұл туралы білмейді.
Дереккөз: Techinsider.ru
Фото: Depositphotos