Қытайда жүгірушілерге арналған серіктес-робот ойлап шығарылды

🔬 Наука и технологии
14.06.2021
Просмотров: 112
робот собака китай

Салмағы 12 келі итке ұқсайтын робот арқасында спортшының суы мен смартфонын тасып, иесінен қалмай қасында жүгіреді.

Unitree Robotics компаниясы үш түрлі робот шығарды. Базалық нұсқасы $2700 (шамамен 1 200 000 теңге). Ал жетілдірілген роботтың құны — $8,5 мың (3 700 000 теңге). Робот-ит иесін автоматты түрде бақылап, кедергілерді айналып өтеді. Ал қымбат нұсқалары мықты процессормен жабдықталған, және сағатына 17 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Еске салайық, бұдан бұрын америкалық Boston Dynamics компаниясы робот-ит шығарған еді. $74,5 мың тұратын робот жолы қиын жерлерді зерттейді.

Дереккөз: The Verge 

Так же вам может быть интересно