Инстаграмдағы ең қымбат футболшылар қанша ақша табады?

⚽ Спорт
08.02.2024
Просмотров: 134

Роналду, Месси мен Мбаппе жігіттер әлеуметтік желілерде ең жоғары табысы бар футболшылардың қатарына енді.

Тізімде 39 жастағы португалиялық шабуылшы көш бастап тұр. Footballsfinest порталының мәліметінше, 617 миллион жазылушысы бар Криштиану Роналдуның бір посты 1 миллион 490 мың фунт стерлинг тұрады. Лионель Месси жарнама үшін 1 миллион 240 мың фунт стерлинг алады, аргентиналық шабуылшының 497 миллион жазылушысы бар. Топ үштікке франциялық Килиан Мбаппе кірді. 111 миллион жазылушысы бар Мбаппеның бір посты 277 мың фунт тұрады.

 

Так же вам может быть интересно