Халықаралық журнал Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне қосты

🇰🇿 Новости Казахстана
23.10.2024
Просмотров: 110

Lonely Planet журналы елімізді жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингіне енгізді.

Еліміз шетелдік сала сарапшыларын бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен баурап алған. Lonely Planet басылымының мақаласында: «Қазақстан – тек саяхаттайтын ел емес, ашылуы тиіс әлем, сапарға шығуды қажет ететін және тарихтың бір бөлшегі болатын ел. Ежелгі Жібек жолының сыбдыры Қазақстан қалаларын қоршап тұрған шексіз далада да естіледі», — деп жазылған. Қазақстаннан басқа тізімге Камерун, Литва, Фиджи, Лаос, Парагвай, Тринидад пен Тобаго, Вануату, Словакия, Армения сынды елдер кірді. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан The New York Times рейтингі бойынша 52 үздік туристік бағыттың қатарына кірді.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно

Халықаралық журнал Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне қосты
Гарри Поттердегідей: колледж немесе университет таңдауда көмектесетін «үлестіруші қалпағы» пайда болды
Британское МВД выдало паспорт медвежонку Паддингтону и теперь он гражданин страны
Добросовестным водителям хотят снизить стоимость автострахования в Казахстане
Ерлі-зайыптылар ұрыста жеңу үшін жасанды интеллект қолдана бастады
В китайских школах нейросеть научилась вызывать к доске, причем находит тех, кто не готов отвечать (ВИДЕО)
Бритни Спирс вышла замуж за саму себя
В Казахстане открыли самый длинный мост в стране