Алматы New York Times-тың ең үздік туристік бағыттар тізіміне енді

🇰🇿 Новости Казахстана
10.01.2024
Просмотров: 2709

Беделді басылым 2024 жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ару қаламыз Алматы тізімде 25-орында тұр.

«Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шахар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері — керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз»,

 — деп жазды редакция. Ай та кетсек, Алматы бұл рейтингке енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енген болатын.

Дереккөз: Казинформ

Фото: Alexander Serzhantov/Unsplash

Метки: Алматы

Так же вам может быть интересно