Ғалымдар танымал адамдардың өміріне тым қызығатындардың ойлау қабілеті төмен екенін анықтады

👩‍🔬 Исследования и открытия
07.02.2022
Просмотров: 107

Сізге Ким Кардашьянның фигурасы тыным бермейді ме? Әлде Беннифердің махаббат хикаясы қалай аяқталатыны мазалап жүр ме? Егер жауап «иә» болса, сіздің ой-өрісіңіздің төмен болуы әбден мүмкін. 

Венгриялық ғалымдар екі мыңға жуық адамдардың қатысумен тәжірибе жүргізіп осындай тоқтамға келген. Қатысушылар грамматика, есептеу, сөз байлығы бойынша тест өткен. Содан кейін танымал жұлдыздар жайлы анкета толтырған. Нәтижесінде танымал адамдардың өміріне қызығушылық танытып жүрген қатысушылар алғашқы тапсырманы нашар орындаған.

Так же вам может быть интересно